Accessibility links

Путин Венесуэла, Боливия президенттерімен келіссөздер өткізуде


Премьер-министр Владимир Путин Каракаста Ресей мен Оңтүстік Америка елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау үшін Венесуэла және Боливия президенттерімен келіссөздер өткізуде.

Путин Венесуэла астанасына жұма күні барған болатын. Бұл екі ел арасында ауылшаруашылықтан әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 30-дан аса келісімдерге қол қойылған.

Путинмен президенттік сарайында кездескен Венесуэла президенті Уго Чавес өз елінің ғарыш индустриясын құруға Ресей көмек қолын ұсынды деген.
XS
SM
MD
LG