Accessibility links

НАТО: Германия әскері қателісіп 5 ауған сарбазын өлтірді


НАТО ресмилерінің хабарлауынша, Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан германиялық жасақтар қателесіп ауғандық бес сарбазды атып өлтірді.

Альянстың жексенбі күні таратқан мәлімдесінде, Құндыз провинциясындағы герман әскерлері белгісіз екі көлікті тоқтатпақшы болған, бірақ олар ескертуге құлақ аспаған делінген.

Оның алдында Құндыз провинциясының басшысы Мохаммад Омар бұл Чардара ауданында болған оқиғадан алты ауған әскері қаза тапты деген. Бұл атыс германиялық күштер бүлікшілермен қақтығысында 3 әскерін жоғалтқан бірнеше сағаттан кейін болды.
XS
SM
MD
LG