Accessibility links

Ауғанстан президенті Карзай тәлібтерге қосылам деп қорқытты


Ауғанстанда парламенттің бірнеше өкілі дүйсенбі күні ел президенті Хамид Карзай егер олар қысым жасауын және реформаларды тездетуін талап етуін қоймаса, онда саяси процестен шығып, «Талибан» қозғалысына қосыламын деп қорқытқандығын мәлімдеді.

Нангархар шығыс провинциясының депутаты Фарук Маренай өзімен сөйлескенде Карзай тәлібтерге қосылу мүмкіндігін жоққа шығармайтындығын айтты деп мәлімдеді. Тағы екі депутат Карзай бұл ескертуді бұған дейін де жасады деп қостады.

Хабарларға қарағанда, Карзай өзінің ерекше мәлімдемесін сенбі күні депутаттармен жабық жағдайда өткен кездесуінде жасаған.
XS
SM
MD
LG