Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысының Қарасу ауданында түскен 5 миллион текше метр лай көшкіні электр желісінің бағандары мен телефон байланысы желісінің діңгектерін құлатты. Бұл туралы Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 сәуірде түнде Ката-талдык ауылдық округінің Карасогот ауылы Кочконжар учаскесінде болған. Лай көшкіні салдарынан 10 электр желісі мен телефон байланысы желісінің 13 діңгегі құлаған, сондай-ақ, ауыл ішіндегі жол бүлінген.
Көшкін үйлерден 200 метр жерден өткен. "Алдын-ала ақпаратқа сәйкес құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.