Accessibility links

Ауғанстанда тікұшақ апатынан 4 адам құрбан болды


НАТО халықаралық қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, бейсенбі күні кешке Ауғанстанның оңтүстік-батысында орын алған тікұшақ апатынан 3 АҚШ сарбазы мен бір қарапайым азамат қаза тапқан. Забул өлкесіндегі тікұшақ апатына не себеп болғандығы белгісіз, тергеу жүріп жатыр делінген НАТО мәлімдемесінде.

Забул өлкесінің ресми өкілі Мохамед Жан Расулиярдың айтуынша, тікұшақ техникалық проблемаларға байланысты апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Алайда "Талибан" баспасөз хатшысы Қари Юсуф Ахмедидің мәлімдеуінше, тікұшақты бүлікшілер атып түсірген.
XS
SM
MD
LG