Accessibility links

Польша президенті сенбіде жерленеді


Ресейдегі ұшақ апатында құрбан болған Польша президенті Лех Качинский сенбі күні жерленеді.

Сәуірдің 10-күні Смоленскіде апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағында отырған 96 адам, оның ішінде поляк президенті зайыбымен, сондай-ақ Польшаның бірқатар лауазымды тұлғалары қаза болды.

Ресмилердің айтуынша, Польша халқы президентпен сейсенбі күні ресми түрде қоштаса алады. Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскидің мәлімдеуінше, Ресей президенті Дмитрий Медведев те жерлеу рәсіміне қатыспақ. Дүйсенбі Ресейде аза тұту күні деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG