Accessibility links

Қазақстан оппозициясы АҚШ президентіне петиция жолдады


Оппозициялық «Алға» партиясын тіркеу комитетінің, сондай-ақ «Республика» және «Взгляд» газеттерінің өкілдері дүйсенбі күні Алматыдағы АҚШ консулдығының алдында наразылық пикетін ұйымдастырды.

Олар АҚШ президенті Барак Обамадан Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу туралы ұсынысын қолдамауын сұрап отыр.

«Республика» газетінің бас редакторы Татьяна Трубачеваның айтуынша, «Қазақстанда сөз бостандығы мен демократия жоқ, сол себепті ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге лайықты емес».

Оппозиялық партия мен басылымдардың Обамаға хатын АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығының басшысы қызметін уақытша атқарушы Роберт Лэйн қабылдап алды.

Жексенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашионгтонда АҚШ президенті Барак Обаманы ЕҚЫҰ-ның Астанада өтеді деп жоспарланған саммитіне шақырған болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG