Accessibility links

Қырғызстанның уақытша үкіметінде жаңа тағайындаулар болды


Қырғызстанның уақытша үкіметі жоғары лауазымдарға бірнеше адамды тағайындады деп хабарлады Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Өткен аптада үкіметке қарсы шерулерден кейін түрмеден босатылған генерал Исмаил Исаков қорғаныс министрі, "Ата-Мекен" партиясының жетекшісі Болот Шерниязов ішкі істер министрі, Алмаз Атамбаев уақытша үкімет жетекшісі Роза Отунбаеваның бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Отунбаеваның мәлімдеуінше, бірқатар елдердегі, олардың ішінде Түркия, АҚШ және Ресей мемлекеттеріндегі елшілер де ауысқан.
XS
SM
MD
LG