Accessibility links

Мәскеу Бішкекке жеңілдетілген несие бермек


Ресей Қырғызстанға 20 миллион доллар көлемінде грант және 30 миллион көлемінде жеңілдетілген несие бермек. Бұл туралы елдің премьер-министрі Владимир Путин үкімет мүшелерімен өткізген кеңес барысында мәлімдеді.

Путиннің айтуынша, қырғыз қазынасы бос. «Бұрынғы баршылық барлығын талан-таражға салып, құртқан...дегенмен, мінейтін біз емес», - деді Путин өз сөзінде.

Мәскеуге Қырғызстан уақытша үкіметінің мүшесі Алмазбек Атамбаев барып, Ресей вице-премьер-министрі Игорь Сечинмен келіссөздер жүргізді.
XS
SM
MD
LG