Accessibility links

Оштағы митинг барысында оқ атылды


Бүгін Оштағы өткізіліп жатқан митингке барған Құрманбек Бакиевтің ешқандай мәлімдеме жасамастан қайтып кетуіне тура келді. Себебі, митингке оның жақтастары мен қарсыластары жиналып, екі жақ күш көрсетуге көшкен. Бакиевтың қарсыластары оның көлігін таспен атқан.

Кейбір ақпараттарға қарағанда текетірес барысында оқ атылған. Оқты кім атқандығы және зардап шеккендер туралы әзірге еш ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG