Accessibility links

Қырғыз президенті Қазақстанға баруы мүмкін


Биліктен аластатылған қырғыз президенті Құрменбек Бакиев өзін қазақ президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанға шақырғанын мәлімдеді.

Ол туралы Бакиев Жалалабад облысына қарасты Созақ ауданындағы туған ауылы Тейіттегі үйінің ауласында өткізген брифингте хабарлады.

Бакиевтің атап көрсетуінше, қазір оның тағдырын Ресей, Қазақстан және тіпті АҚШ талдап жатыр. Бакиев Қазақстан президенті Н.Назарбаев өзіне телефон соғып Қазақстанға шақырғанын айтты.

Бәкиевтің хабарлауынша, Беларусь президенті А.Лукашенко да өзіне саяси баспана беруді ұсыныпты. Бірақ қырғыз президенті өзіне саяси баспананың қажеті жоқтығын мәлімдеді.

AzattyqTV

Дүниежүзі қазақтары құрылтайы

Мамашев: "Басымды қатырмашы!"

XS
SM
MD
LG