Accessibility links

Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 800-ге жуықтады


Қытайдың солтүстік- шығысында болған жер сілкінісінен, соңғы ақпараттар бойынша 760 адам қаза болған. 250-ге жуық адам жайлы еш ақпарат жоқ.

Зілзаладан зардап шеккен Цинхай порвинциясы әкімшілігінің ақпараты бойынша, 10 мыңға жуық тұрғын түрлі жарақат алған.

Сәрсенбі күні болған 6,9 балдық жер сілкінісінің ошағы Юйшу бөлімшесінде орналасқан. Ол жерде көптеген ғимараттар қирап қалды.
XS
SM
MD
LG