Accessibility links

Пентагон: Обама тобы Иранға ықпал ету жолдарын қарастыруда


АҚШ-тың қорғаныс департаменті хабарлағандай, қорғаныс министрі Роберт Гейтс президент Барак Обама мен оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тобы көп уақыты мен күш-жігерін Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайларды қараумен өткізді деп біледі.

Пентагон өкілі Джефф Моррелдің мәлімдемесі сенбі күні кешкісін New York Times басылымында жарық көрген мақалаға байланысты таратылды. Онда Обама әкімшілігінің ресмилері Иран ислам республикасының ядролық бағдарламасына қатысты баламалы жолдарды қарастырып жатқаны айтылған.

New York Times-тың атын атамаған ресмилерге сілтеме жасап жазуынша, қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Иранның ядролық мүмкіндігін күшейтуіне қарсы АҚШ-тың ықпалды саясаты жетіспей жатқаны туралы Ақ үйге құпия меморандум жолдаған.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG