Accessibility links

Малайзия Иран полицейі мен 2 спортшысын есірткімен ұстады


Малайзия әуежайының ресмилері өздерінің ирандық полиция офицері мен екі спортшысын құны 300 мың доллар болатын есірткі тасымалына қатысты ұстағанын айтты.

Жергілікті ақпарат көздерінің жазуынша, сенбі күні Иранның әуе ұшағымен Малайзияға барған 3 ирандықтың қол сөмкесінде 4 келі есірткі болған.

Хабарларға қарағанда, қамауға алынған күдіктілер 36 жастағы полиция офицері, воллейбол ойыншысы мен әскери спортшы есірткі тасымалы бойынша айыпты деп табылса,оларға өлім жазасы үкімі берілуі мүмкін. Қаңтар айынан бері Малайзияда 40-тан аса ирандық есірткімен ұсталған.
XS
SM
MD
LG