Accessibility links

Сот оралдық газет пен журналистке 20 миллион теңге айыппұл салды


Батыс Қазақстандағы Орал қаласының № 2 соты, «Тенгизнефтестрой» акционерлік қоғамының, «Уральская неделя» газеті мен осы басылымның журналисті Лұқпан Ахмедьяровқа қатысты шағым арызын жартылай қанағаттандырды. Іскерлік беделіне нұқсан келді деген компанияға енді журналист пен газет редакциясы 20 миллион теңге төлеуі қажет.

Шағым-арызға 2009 жылы тамыздың 6 күні «Уральская неделя» басылымында жарық көрген Лұқпан Ахмедьяровтың «За ширмой тендера» атты мақаласы түрткі болған. Онда журналист, компания тендерді ұтып алмастан бұрын болашақта газ құбыры салынатын жерде құрылыс жұмыстарын бастап кеткендігін сөз еткен. Жағдайды баяндай келе, журналист «Тенгизнефтестрой» тендерді жеңіп алатындығына сенімді болған деген тұжырым жасаған.

Редакция өкілдері соттың бұл шешімі басылымның жабылуына алып келетіндігін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG