Accessibility links

Бішкек Минскіден Бакиевті ұстап беруді талап етпекші


Биліктен қуылып Минскіде жүрген Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевті ұстап елге беру туралы Бішкектен ешқандай талап түскен жоқ. Бейсенбі күні Беларусь сыртқы істер министрлігінің өкілі осылай деп хабарлады.

Қырғызстанның жаңа уақытша үкіметі сәуір айының басында Бішкекте болған халық толқуы кезінде қаза тапқандар үшін Қ.Бакиев жауап беруге тиіс деп, таяу арада оны ұстап елге жөнелту туралы мәселе қоятынын мәлімдеді.

Бакиевтің өзі сәрсенбіде Минскіде биліктен бас тартқанын мойындамай, президент болып қалғанын мәлімдеді. Соған байланысты Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Бакиевтің ауызша мәлімдемесі биліктен бас тартқаны туралы өз қолымен жазған өтінішінің күшін жоя алмайтынын айтты. Өтініш Бішкекке факспен жіберілген болатын.

Қырғызстанның адамның құқын қорғаушы қайраткері Толекан Ысмаилова Орталық сайлау комиссиясының төрайымы болып тағайындалды. Уақытша үкімет конституцияға президент құзырын шектейтін түзетулер енгізу үшін 27 маусымда референдум, ал 10 қазанда парламент сайлауын өткізетін шешім қабылдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG