Accessibility links

БҰҰ Гаитидегі жер сілкінісінен қаза болғандардың санын мәлімдеді


Үстіміздегі жылдың 12 қаңтар күні болған жойқын жер сілкінісі 300 мың адамнің өмірін қиды, бұл туралы жұма күні БҰҰ-ның осы аймақтағы өкілі Эдмон Мюле мәлімдеді. Бұған дейін Гаити үкіметі қаза болғандардың саны 220 мың екендігін айтып келген еді.

«Сәуірдің 22 күні – 300 мыңға жуық Гаити тұрғындарының өмірін қиған жойқын жер сілкінің болғанына жүз күн толды», - деді Мюле өз сөзінде.

Оның айтуынша, қайтыс болғандардан өзге 300 мың адам түрлі жарақат алып, бір миллионнан астам адам баспанасыз қалған.
XS
SM
MD
LG