Accessibility links

Бангкокте оппозициялық шерушілерге ескерту жасалды


Бүгін Таиланд астанасының орталығын басып алған қызыл көйлектілердің бейбіт жоспарын премьер-министр Абхисит Вежажива қабылдамай қойғаннан кейін, Бангкокте болуы мүмкін толқулардың алдын алу шаралары қолға алынбақшы.

Телеарна арқылы сөйлеген елдің армия басшысы мен премьер-министрі Бангкок орталығын үкіметке қарсы шерушілерден тазартуға сөз берді. Бірақ оны қауіпсіздік күштерінің қашан бастайтынын айтпады. Оның алдында қызыл көйлектілердің үкіметті таратып, кезектен тыс сайлаулар өткізуге шақырған ұсынысын үкімет басшысы қабылдамай қойған.

Ақпарат құралдарының жазуынша, шерушілердің жетекшілері өздерінің мыңдаған қолдаушыларына кез келген уақытта қауіпсіздік күштер тарапынан шабуыл болуы мүмкін екенін ескерткен. Бір айға жалғасқан наразылық шарасы кезінде 26 адам қаза тауып, мыңнан аса кісі жарақат алған.

Қызыл көйлекті шерушілер 2006 жылы биліктен кетіріліген премьер-министр Таксин Чинаваттың қолдаушылары.
XS
SM
MD
LG