Accessibility links

Бакуде оншақты оппозиция өкілдері ұсталды


Әзірбайжан астанасы Бакуде полиция қызметкерлері, қала әкімшілігінің жанында наразылық маршын ұйымдастырған оншақты оппозиция өкілдерін ұстады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Дүйсенбі күні өткен наразылық маршын, құрамына Әзірбайжанның үш ірі оппозициялық партиясы кіретін «Азадлик» оппозициялық блогы ұйымдастырды. Олар қала басшылығынан бейбіт жиын өткізу құқының сақталуын талап етті. Полиция, марш рұқсатсыз өткізілгендігін айтып оларды ұстап алып кетті.

«Азадлик» блогы өкілінің хабарлауынша, олар бірнеше рет қалалық әкімшіліктен бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұраған. Өтініштері қанағаттанбағандықтан сәуірдің 26 күні марш ұйымдастырылған. Нәтижесінде 80-ге жуық адам ұсталды.

Әзірбайжан конституциясы бейбіт шерулер мен жиындарға рұқсат берілген, алайда соңғы үш жылдан бері қала орталығында қандай да бір шеру өткізуге рұқсат берілмей келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG