Accessibility links

Саркози Қытайда Иран мәселесін талқылағанын айтты


Франция президенті Николя Саркозидің Қытайға ресми сапары басталды. Сәрсенбі күні Саркози қытайлық әріптесі Ху Цзиньтаомен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені талқылағанын мәлімдеді. Үшкүндік сапармен Қытайға барған Саркози бұл туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамқшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді. Франция мен АҚШ Қытайды Теһранға қарсы санция енгізуге көндірмекші. Алайда Бейжің бұл мәселені дипломатия арқылы шешу керек деп айтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG