Accessibility links

Президенттік оркестрдің концертінде Назарбаевқа арналған жаңа ән шырқалды


Екінші Дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған Республикалық ұланның президенттік оркестрінің концертінде, Махмұт Қасымбековтің сөзіне жазылған, Бекболат Тілеухан мен Рүстем Бейсенұлының Қазақстан президентіне арналған «Жан аға» атты әні шырқалды.

"Бағдарламада сондай-ақ оркестрдің орындауында халық композиторы Түркештің күйі «Көңіл ашар», әлем елдерінің музыкалық шығармаларынан попурри, сонымен қатар қазақ, орыс және қытай халық билері орындалды", - дейді президенттің баспасөз қызметі

1992 жылғы наурыздың 16-сында Қазақстанның Республикалық Ұланы құрылды. Президенттік оркестр Қазақстан Республикасының хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да салтанатты шараларын музыкалық сүйемелдеу мақсатында жасақталды. Өнер ұжымы жыл сайын есептік концерт беріп келеді.
XS
SM
MD
LG