Accessibility links

Тәжікстан полимиелитке қарсы егу жұмыстарын бастайды


Сенбі күннен бастап Тәжікстан полиомиелит дертінің етек алуына байланысты осы ауруға қарсы елде жаппай егу жұмыстарын бастайтынын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен наурыз айында бұл дерттен 12 сәби көз жұмғанын айтып отыр. Хабарларға қарағанда, полиомиелит вирусының негізгі белгісі параличпен тіркелген 171 оқиғаның үштен екісі нақтыланып отыр.

ЮНИСЕФ балаларды қорғау қоры Тәжікстанға 4 миллион полиомиелит вакцинасын берді. Тәжікстанда соңғы рет бұл дерт 1997 жылы тіркелген.
XS
SM
MD
LG