Accessibility links

Пәкістанның Суат жазығындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты


Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Суат ауданында болған жарылыстан кемінде екі адам құрбан болды. Полиция сенбі күні Мингора қаласындағы жарылыстан тағы бірнеше адам жараланғанын айтып отыр.

Пәкістан армиясы бір жылға жуық Суат жазығындағы талибан жасақтарына қарсы операция жүргізіп, аймақты тазалағандай болған. Бірақ соңғы кезде бұл өңірде қақтығыстар көбейіп, жаугерлік топтар қайта жиналып алды деген алаңдаушылық тудырды.
XS
SM
MD
LG