Accessibility links

Каримов көршілес елдердің су саясатын сынады


Өзбекстан президенті Ислам Каримов көршілес елдердің су саясатын сынады. Дүйсенбі күні Өзбекстанда жылдық кездесуін өткізіп жатқан Азия даму банкінің басқарушылар кеңесіне айтқан сөзінде Каримов көршілес елдер су саясатының экологиялық салдары туралы ойластырмайды деп мәлімдеді.

Тәжікстанның "Рогун" су электр станциясының құрылысы жобасына байланысты Ташкент пен Душанбе арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түскен болатын. Тәжікстанның айтуынша, бұл жоба электр қуатын экспорттауға көмектеседі. Ал Өзбекстан болса "Рогун" бөгені аграрлық саласына теріс әсер етеді деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG