2008 жылы Үндістанда тіркелген ірі терактіден кейін тірі қалған пәкістандық терроршыға бүгін өлім жазасы шығарылады. Мумбайдағы жарылыстан 166 кісі қаза болған еді.
22 жасар Мохамед Аджмал Әмір Касаб дүйсенбі күні 86 бап бойынша кінәлі деп танылды. Ол соғыс ошағын тұтатқан, кісі өлтірген деп айыпталып отыр. Касаб Пәкістандағы «Лакша-и-Таиба» террорлық ұйымына қатысы бар деп есептелінеді.
Онымен қоса күдіктілердің қатарындағы Үндістанның екі азаматы дүйсенбі күні ақталып шықты.