Accessibility links

Беларусь оппозициясының басшысы президент сайлауына түспек


Беларустегі танымал оппозициялық қозғалыстың жетекшісі келесі жылғы президент сайлауына түсіп, президент Александр Лукашенконың қарсыласы болатындығын мәлімдеді. Александр Милинкевичтің "За свободу" (Азаттық үшін) партиясы Беларусте заңды түрде тіркелген бірақ ол билік тарапынан жиі қудаланатынын айтады.

Президент Лукашенко 10 миллион халқы бар мемлекетті 1994 жылдан бері басқарып келеді. 2006 жылдың наурыз айында Лукашенконың қайта сайлануы Беларусте оппозиция қолдаушыларының жаппай наразылық шараларына түрткі болып, билік орындары жүздеген белсендіні қамауға алған еді. 2006 жылғы президент сайлауында Лукашенконың негізгі қарсыласы болған Милинкевич 6 пайыз дауысқа қол жеткізген болатын.
XS
SM
MD
LG