Accessibility links

Бүгін Нигерияда президентті жерлеу рәсімі өтеді


Бүгін Нигерия президенті Умару Яр'Адуаны жерлеу рәсімі өтеді, елде жеті күндік аза тұту күндері жарияланады.

58 жастағы президент сәрсенбі күні кешке ел астанасы Абуджедегі өз үйінде қайтыс болған. Президенттің қазасына не себеп болғандығы белгісіз. Бұған дейін президент Яр'Адуа жүрек ауыруына шалдығып, ұзақ уақыт Сауд Арабияда емделген еді.

Бүгін Нигерия вице-президенті Гудлак Джонатанның президенттік ант қабылдау рәсімі өтеді деп хабарланып отыр. Вице-президент осы жылдың ақпан айынан бері мемлекет басшысы қызметін атқарып келеді.


XS
SM
MD
LG