Accessibility links

Джо Байден Еуропаға аттанды


Бүгін АҚШ-тың вице-президенті Джо Байденнің Еуропаға сапары басталайды.

Брюсселде Байден Еуропа Одағы мен НАТО альянсының басшыларымен келіссөз өткізеді. Одан соң вице-президент Испанияға сапарға барады.

Бүгін International Herald Tribune газетінде жарық көрген мақаласында Джо Байден Еуропа елдерімен арадағы ынтымақтастық Ақ үйдің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болап қалатынын атап көрсетті.

Сонымен бірге АҚШ-тың вице-президентінің пікірінше, бұл ынтымақтастық жаңа ахуал мен әлемнің алдынан көлденең шыққан жаңа проблемаларға лайық болуға тиіс.
XS
SM
MD
LG