Accessibility links

Ким Чен Ир: Пхеньян ядролық қарусыздану келіссөзін жалғастыруға әзір


Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир Пхеньянның ядролық қарусыздануына бағытталған алтыжақты келіссөздердің тоқтап қалуына қарамастан, мұндай келіссөздерді жалғастыруға әзір екенін мәлімдеді. Бейжіңге сапары туралы айтқан Ким Чен Ир Солтүстік Корея ядролық мәселені "диалог арқылы бейбіт жолмен шешуді" көздейді деп атап көрсетті. Уақыттың өтуіне қарамастан, Пхеньян мен Бейжіңнің достығы өзгермейді деді Солтүстік Корея басшысы.

Өткен жылы Пхеньян екі ядролық бомба мен зымырандарын сынақтан өткізген соң алтыжақты келіссөздерге қатысудан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG