Accessibility links

Испания бірнеше әуежайын жапты


Испанияның авиация бойынша билік орындары Исландиядағы жанартаудың күлді тозаңының жайылуына байланысты елдің кемінде 3 әуежайын жапқандарын хабарлады. Атлант мұхиты үстінен ұшатын ұшақтар бүгін күлді тозаңды айналып өтіп, рейстерін жалғастырып жатыр.

Жұма күні Исландияның азаматтық қорғау мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жанартаудың түтіні қайтадан шыға бастады деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG