Accessibility links

Пәкістандағы зымыран шабуылынан 10 адам мерт болды


Пәкістанның солтүстік-батысынан келіп түскен хабарларға қарағанда, Солтүстік Вазиристандағы "Талибанның" ғимаратына жасалған әуе шабуылынан 10 адам қаза тапқан. Екі зымыранды АҚШ әскери күштері атты делінеді. Шабуыл Мираншах қаласының батысындағы Инзаркас ауылында болған.

Соңғы айларда АҚШ күштері аймақтағы "Әл-Қаида" мен "Талибан" бүлікшілерін нысанаға алып, жиі зымырандарын атады.
XS
SM
MD
LG