Accessibility links

Теһранда 5 адам дарға асылды


Жексенбі күні Теһранда бірқатар "лаңкестік әрекеттерді" жүзеге асырды деп айыпталған 5 адам дарға асылды. Олардың арысында әйелдер бар деп хабарланып отыр. Ресми "ИРНА" ақпарат агенттігінің мәліметінше, "төңкерісшілерге қарсы" топтарға мүше болған 5 адам Евин түрмесінде дарға асылған. Теһран прокуратурасының айтуынша, дарға асылғандар "лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырды, олардың ішінде Иран қалаларындағы үкіметтік орталықтарға бомбалық шабуылдарды жасады" деген айыптар бойынша айыпты деп танылған.

Өлім жазасына кесілген азаматтардың төртеуі Ирандағы күрдтер қауымдастығының мүшелері болған.
XS
SM
MD
LG