Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасы әлі ашылған жоқ


Қазақ-қырғыз шекарасы әлі жабық тұр, деді "Азаттыққа" түсініктеме берген Қырғызстан шекара қызметі басшысының орынбасары Чолпонбек Турсунбеков.
Қырғызстан уақытша үкіметінің мәлімдеуінше, Қазақстан Қырғызстанмен шекарасын мамырдың 11 күні ашуы тиіс болатын. Мұндай келісімге уақытша үкіметтің басшысы Роза Отунбаева мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың телефонмен сөйлесу барысында қол жеткізілген.
Өткен аптаның аяғында шекара экономикалық жүктерді өткізу үшін ашылған еді.
XS
SM
MD
LG