Accessibility links

Карзай бүгін Обамамен кездеседі


Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың Вашингтонға сапары жалғасып жатыр. Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған. Бүгін Карзай АҚШ президенті Барак Обамамен кездеседі.

Сейсенбі күні Карзай Вашингтондағы әскери медициналық орталықта Ауғанстанда жараланған американдық сарбаздармен кездесіп, олардың қызметі үшін өз алғысын білдірді. Сонымен қатар ауған делегациясы мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және қорғаныс министрі Роберт Гейтс арасында келіссөздер өтті.
XS
SM
MD
LG