Accessibility links

Қырғызстан: жаңа биліктің қарсыластары бас көтерді


Қырғызстанның оңтүстігінде қазіргі биліктің қарсыластары Ош қаласында көтерген жаппай тәртіпсіздігі тағы 2 облыс орталығына жайылды.

Соңғы мәліметке қарағанда, бейсенбі күні кешкісін 100-ге тарта адам Жалалабад облысы әкімдігінің ғимаратына басып кіріп, бұрынғы әкім Пайзулла Рахмановты қызметіне қайта отырғызуды талап етті. Әкімдік алдындағы алаңда Рахмановты қолдайтын бірнеше жүз адам жиналды. Баткен қаласынан да осындай хабарлар келіп жатыр.

Оның алдында жаңа биліктің қарсыластары Ош облысының әкімдігі мен әуежайды басып алған болатын.

Қырғызстанның уақытша үкіметі оңтүстік облыстарға өзінің арнаулы өкілін жөнелтті.
XS
SM
MD
LG