Accessibility links

Қырғызстан уақытша үкіметінің өкілі оңтүстікке аттанды


Қырғызстан уақытша үкіметінде қорғаныс министрі қызметін атқарушы Исмаил Исаков елдің жаппай тәртіпсіздіктер шарпыған оңтүстік аймағына биліктің арнайы өкілі ретінде барады.

Бейсенбі күні баскөтерушілер Ош, Жалалабад және Баткен облыстарының әкімшілік ғимараттарын басып алды.

Қырғыз билігі шабуылдарды ұйымдастырушыларды білетіндігін, оларжы жауапқа тартылатындығын мәлімдеді. Әңгіме бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің жақтастары, соның ішінде Үсен Сыдыков туралы деген мәлімет бар.
XS
SM
MD
LG