Accessibility links

Ауғанстандағы наразылық шарасы


Жүздеген ауған азаматтары елдің шығысындағы жолдарды бөгеп, көлік дөңгелектерін өртеді. Олар НАТО-ның рейдіне наразылық танытты. Ауғандықтардың айтуынша, НАТО шабуылынан 11 қарапайым азамат қаза тапқан. НАТО-ның мәліметінше, шетел күштері мен ауған сарбаздары бұл аймақта бірнеше операция өткізіп, 8 бүлікшіні өлтірген.

Нангархар өлкесінің Сурхрод ауданындағы "Рейтер" тілшісінің хабарлауынша, жергілікті үкімет ғимараттарына тас лақтырған наразылық танытушыларға ауған полициясы оқ атқан. Жергілікті кеңестің басшысы Хажи Жамалдың айтуынша, наразылық білдірушілердің біреуі оққа ұшқан.
XS
SM
MD
LG