Accessibility links

Қырғыз жастары уақытша үкіметті қолдап, шеру өткізді


Өздерін "Айкел" тобы деп атаған қырғыз жастары бүгін Бішкекте уақытша үкіметті қолдап, шеру өткізді. Оған шамамен мыңға жуық адам қатысты. Қырғызстан астанасындағы шеруге жастар "Біз елдің тұрақтылығын қолдаймыз! Солтүстік пен Оңтүстік біздің Қырғызстанымыз! Қарақшылар түрмеде отыруы тиіс" деген жазулары бар плакаттарды алып шықты.

Уақытша үкіметтің жетекшісі Роза Отунбаева Бішкектің орталығында шеру өткізген жастармен кездесіп, оларға алғысын білдірді.

Осы аптада елдің оңтүстігінде уақытша үкіметтің қолдаушылары мен биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің жақтастары арасындағы қақтығыста кемінде бір адам қаза тауып, 60-қа жуық адам жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG