Accessibility links

Таиландтағы қақтығыстан 35 адам қаза болды


Таиланд астанасы Бангкокте қауіпсіздік қызметі мен оппозиция жақтастары арасындағы қақтығыс барысында 35 адам мерт болды. Соңғы ақпараттарға қарағанда, көпшілікке "Қызыл командир" деп танылған генерал Савасдипол Хаттия қаза болған.

Оппозиция жағына көшкен Таиланд әскерінің бұрынғы генералы Хаттия басына тиген жарақаттан кейін бес күн өткенде қайтыс болды.

Ол демонстранттардың қауіпсіздігіне жауапты болған. Өткен бейсенбі күні New York Times басылымы тілшісіне сұхбат беру кезінде генералға снайпердің оғы тиді.

Таиланд дәрігерлерінің ақпараты бойынша, қақтығыста 240 адам, оның ішінде 6 шетелдік азамат жарақат алған.
XS
SM
MD
LG