Алматының таулары - біріне арман, біріне күнделікті пейзаж, біріне релаксация мекені.
Алматылықтардың почти тегін демалыс орыны: қалтада жолыңа жететін 200 теңге болса (ну егер, өз көлігің болса тіпті керемет, бірақ қанша жанар-жағармай керегін білмедім ), ішетін қара су, сосын жақсы көңіл-күй мен сол көңілді көтеретін жандар.
Түнеп бармаса – көп тамақтың керегі жоқ.
Абай мен Достық көшелерінің қиылысындағы аялдамадан Медеуге автобустар жүріп жатады. Сол маңнан қанша жүрсем де мына белгіні байқамайды екенмін:
Медеудің өзінде қала ортасында көрмейтін /байқамайтын хайуанаттарды көресің: жылқы/ат, пони, бүркіт, тағысын тағы “малдар”. Тиын-тебен беріп олармен суретке де түссең болады.
Азиядаға салынып жатқан арқанды жол (“канатная дорога” осылай болады ма?) ғой деймін, Медеуді Алматымен, Шымбұлақты Медеумен тікелей байланыстыратын:
Сөз соңында, “Баспалдақтың” төбесіне көтерілгенде ашылатын пейзаж*, төмен қарасаңыз ерінбей-жалықпай тастардан жазылған “Атырау”, “АГУ”, “Я тебя люблю”, т.т. байқайсыз:
Ниет пен ақша болса Алматының төңірегінде баратын жер көөөп қой. Барайық-та?!
* Бұл сурет үшін OLYMPUS-ын арқалап келген қызға рахмет
пысы: “Медеуден басқа жер жоқтай” деп сөкпеңдер
http://balgyrgan.wordpress.com/