Accessibility links

МАГАТЭ Ираннан жазбаша түрде құжат күтеді


Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік Иранның ядролық отынды айырбастауға келіскені туралы жазбаша түрде құжат тапсыруын қалайды.

Дүйсенбі күні Иран Теһрандағы зерттеу реакторын ядролық отынмен қамтамасыз ету үшін өзіндегі аз байытылған уранның 1 200 килограмын Түркияға жіберуге келіскен болатын. Ядролық отынды айырбастау келісімге Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва мен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен өткізген келіссөздері барысында қол жеткізілді.
XS
SM
MD
LG