Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ



БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Америкадағы демократияны Қазақстанға әкелу – пілді есектің үстіне мінгізіп шу-шу деумен бірдей. Көтере алмаған қосып арқалайды деген сол болады. Қазақтың өз дәстүрі, менталитеті бар. Демократия да соған бейімделеді.

Қазақ (қай жерден жазғаны көрсетілмеген)

(«АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Вашингтонның бүкіл әлемге ұсынып отырған құндылықтарына сай келе ме?» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ауғандық-мауғандығыңды білмеймін, енді бірер жылда Қазақстанда қазақ тілділер мына босқындарыңызды жоқтата қоймайтын сияқты.

Оралған, Астанадан

(«Қазақстанда кемсітуге ұшырайтын босқындар алыс шетелге кету қамында» деген мақалаға орай айтылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Е, сорлы қазақ!!! Ішіп-жегеніңе мәз болып жүре берсең бұндай қорлықтың талайын көресің!!!

Жан (қай жерден жазғаны көрсетілмеген)

(«Құрылыс кранын наразылық мінберіне айналдырған Әбілованың талабын орындағандар жария болғысы келмейді» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG