Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Егер ақсақалдар кеңесі қазақтың бұрынғы билері секілді жол көрсетіп, ханның да мінін бетіне айта алса жарар еді. Оған қайдааа! Әкімнің мінін айтсаң – қазаныңдағы асыңнан айрыласың, ханның мінін айтсаң – қалқайған басыңнан айырыласың! Осы ақсақалдар алқасын халық сайласа, аздап үміт күтуге болар еді.

Алашарман
, Алаш орда

(«Билік «ұлт бірлігі» үшін ақсақалдарды саяси сахнаға шақырды» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Онсыз да ұрпағының алдында ұлтын жарға жығып беріп, елінің келешегін үй мен пұлға айырбастаған ұяттан тұл, қырма сақалдарды тағы жинап, қара қарғадай шулатып, одан бетер қарабет еткісі келген екен...

Исатай
, Қазақ Елі

(«Билік «ұлт бірлігі» үшін ақсақалдарды саяси сахнаға шақырды» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Кейбір қателіктерді түзеуден Нұрекеңнің өзі де кеш қалды ма деп ойлаймын. Мысалы, Кеңестік кездегі балалар бақшасы тәрбиесінен бастау алатын, одан кейін білімді мұғалімдермен жасақталған мектептерден сапалы білім алатын мықты білім беру жүйесін қиратып, оның орына балабақшалар жойылғандықтан ала-құла тәрбиемен парақорлық жайлаған мектепке топ ете қалып, ата-ана «сыйлығының» күшімен 200 доллармен мектепке жұмысқа тұрған мұғалімнен «жақсы оқып» шыққан, одан соң «ақылы» оқудың қыр-сырын меңгеріп, «керемет маман болып», базарда тәшке сүйреген тұтас ұрпақты қайтадан білімді етіп шығару...

Әбдірашит Бәкірұлы


(Блогстандағы «Көсем» деген жазбаға орай айтылған пікір)
XS
SM
MD
LG