Accessibility links

Бүгін қазақ-қырғыз шекарасы ашылуы тиіс


"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мамырдың 20-сы күні қазақ-қырғыз шекарасы ашылады" деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрігі.

"Өкінішке қарай, Қырғызстандағы жағдай қалыпты деуге келмейді. Көрші елден Қазақстанға қару-жарақ сияқты өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз өткізілгені анықталды. Дегенмен, Қырғызстандағы аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты, дос-жар ел азаматтарының бірқатар өтініштерінен кейін президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке 20 мамырдан бастап "Қордай", "Сыпатай батыр", "Айша Бибі" бекеттерін ашуды тапсырды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Шекараның ашылуына қарамастан екі елдің шекара бекетінде кедендік және көші-қон бақылауы күшейтіледі.
XS
SM
MD
LG