Accessibility links

Қырғызстанда жаңа конституция жобасы жариялануға тиіс


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстандағы өзара тірескен күштерді ахуалды ушықтырмауға шақырды.

Қырғызстанның уақытша үкіметі өткен сәрсенбіде қақтығыс болып, 2 адам қаза болған Жалалабад қаласына төтенше жағдай тәртібін орнатты. Қырғыздардың бір тобы өзбек диаспорасының қаржысына құрылған «Халықтар достығы» университетіне басып кірмек болғанда атыс басталды. Кімнің оқ атқаны белгісіз.

Тілшіміз хабарлағандай, бүгін Жалалабадта облыс әкімі Бектұр Асановтың қарсыластарының митингісі өтіп жатыр. Қалалық ипподромға 3 мыңдай адам жиналды.
Хабарға қарағанда, «Халықтар достығы» университетінің маңайына да көп адам жиналып тұр.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың мәлімдемесінде ұлтаралық жанжалға жол беруге болмайтыны баса айтылады.

Бейсенбіде Қырғызстанда 27 маусым күні референдумға қойылатын жаңа Конституцияның жобасы жариялануға тиіс.
XS
SM
MD
LG