Accessibility links

ВР төгілген мұнай көлемі туралы алдап келген


British Petroleum концерні мұнай өндіру платформасындағы апат кесірінен Мексика шығанағына төгілген көмірсутегі шикізатының көлемі өздері бұрын хабарлағаннан да көп екенін мойындады.

Бірнеше апта бойы ВР концерні "су астындағы ұңғыдан шығанаққа тәулігіне 5 мың баррельден аспайтын мұнай төгіледі" деп мәлімдеп келді. Апат болған ауданнан төгілген шикізатты қанша жинағанымен де, сарапшылар оның көлемі концерннің мәлімдегенінен бірнеше есе көп екенін анықтады.

Өткен бейсенбіде ВР-ге АҚШ үкіметінен тапсырылған хатта орасан зор мұнай дағына қатысты бар мәліметті мейлінше ашық хабарлауға шақырды. Мұнай дағы Луизиана штатының теңіз жағалауындағы теңдесі жоқ экологилық жүйеге қатер төндіріп тұр.
XS
SM
MD
LG