Accessibility links

Қазақстан: қырылған киік саны 2 мыңға жетті


Батыс-Қазақстанда жаппай қырылған киіктің саны 2 мыңға жетті. Ол туралы орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев хабарлады.

Киіктің жаппай қырылуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінде құрылған комиссияның мәліметі бойынша, қырылған киіктердің анық уланғанын аңғартатын нышандар бар.

Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, киіктердің еті мен ішкі ағзаларынан алынған үлгілер зертханада зерттелген соң міндетті түрде қылмыстық іс қозғалады.

Бейсенбі күні Жақсыбай және Борсы ауылдық аймақтарының бірқатар аймағында аңшылар 200 киіктің белгісіз жағдайда жаппай қырылып қалғанын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкцияны айтты

XS
SM
MD
LG