Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ



БІРІНШ КОММЕНТАРИЙ


Ментиқұл баурыеем, кешеден бері мақтаныштан кеудем жарылардай болып жүргенім. Сен маған қарағанда сауаттысың ғой, жазшы әлгі белесіпед мінген басшыларға былай деп:

Бірінші, олар өз халқының қамын ойламайды деп. Белесепедтті «ауырып қалмайын, денсаулығым мықты болсын» деп мінеді ғой, қарақан басының қамын ойлаған сорлылар. Біздегі басшылардың бәрі де қос-қостан мәшине мініп зулап жүр. Қайдағы денсаулық? Бәріне үлгерсем деп күндіз-түні тыным таппайды. Белсепедпен қандай шаруа бітеді...

Екінші, бізде ең жоғарғы басшының өзі тұрмақ оның қыздары мен күйеу балаларының өзі күніне миллион доллардан астам табыс табады. Міне, мемлекеті үшін осылай қызмет ету керек деп!!!

Үшінші, олардың бәрі майда-шүйде де. Небір кәңкір-мәңкүрді шығарып бізге сатқанға мәз. Содан кейін қайтіп жарысын, өңшең уызына жарымағандар! Сатсаң біз құсап мұнай сат!!! Майда шүйдемен әуре болмай...

Өзің білесің, мен Үш тілге жоқпын ғой. Оқымай «бір тіл» деп қатып қалыппын. Сен оған жүйріксің. Қатыршы сондықтан оларды. Көрсін біздің кім екенімізді!!!
Үшпу хат жазушы бауыраң Сентиқұл. Бүгін жалғыз тышқақ лағымды сойып, құдайы тамақ таратпасам...

Сентиқұл

(«Үздік үш комментарийге» орай жазылған пікір)



ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Неше түрлі ақылға сыймайтын істер жасалып жатыр. Қарапайым дені дұрыс адам қабылдай алмайтын істер...Қазақ гимніне қыстырылып, бір-жар сөз қосып өзін автор деп жариялау, қуыршақ партия болса да оның атауының алдына «нұр» сөзін қосу, қазақ хандарын далаға лақтырып тастап орнына өз ескерткішін қою… әйтеуір тізбектеліп кете береді. Ендігісі мынау... «Жіберсең құлды еркіне, күнде тышар бөркіне» депті бұрынғының шалдары. Қалай дәл тауып айтқан десеңізші.

Шарасыз қазақ

(«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» деген жаңа мәртебе берудің астарында не бар дегенге орай үш түрлі болжам» атты мақалаға орай жазылған пікір)



ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Әй, Кенесары, Көндіғұл бауырларым-ай! Сендер шамасы тым гуманды ойлардың жетегіндегі жандар боларсыңдар... Біріншіден, саяси элита, әсіресе біздегі шонжарлар саясат пен табиғаттың заңдарына бағынып, өз бетінше ауыспайды. Ол өзін өзі өлтірумен тең. Советтік номенклатуралық билікті сақтап қалған шалдар мемлекет төрін өзінің «күшіктеріне» алып берумен айналысып отыр. «Күшіктер» обырлық істе аталарынан озады. Көріп тұрыңыз. Элита осылар. Екіншіден, қазақ өз Конфуциін таппайды. Оған ешқандай негіз жоқ. Азғантай жұрт, әбден сауатсызданған қоғам кландық күштерді ғана мойындамақ. Қандай да бір ортақ идея ұсынам деп әуре болмаңыз, Көндеке! Мейлі ол абайлық, шәкәрімдік жауһар болсын. Ал болашақтан қорқуыңыз жөн. Қырғыз бізден шошитын болады келешекте. Астапыралла!

Жошы, Ұлытау

(«Қазақстанда элита ауыса ма?» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG