Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореяны кешірім сұрауға шақырды


АҚШ Оңтүстік Кореяның Пхеньянмен сауда байланысын тоқтатқанын қолдап, Солтүстік Кореяны оңтүстіккорялық корветті шабуылдағаны үшін кешірім сұрауға шақырды.

Корвет апатынан 46 адам қаза тапты.

Өткен аптада АҚШ, Британия, Австралия және Швеция сарапшылары "Чхонан" әскери кемесіне торпедалық шабуыл жасалғандығын растаған еді. Солтүстік Корея бұл айыптауларды мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG