Accessibility links

Жомарт Ертаев тергеу абақтысынан шықты деп хабарланды


«Альянс банктің» бұрынғы басқарма төрағасы Жомарт Ертаев мамырдың 23-і күні Алматыдағы тергеу абақтысынан босап шықты. Бұл туралы «Время» газеті Ертаевтың адвокаты Тагир Сейсенбаевтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін «Время» тергеу Ертаевқа тағылған айыптардан бас тартты деп хабарлады. Сейсенбаевтың хабарлауынша, 23-ші мамырда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі аяқталды.

«Альянс банктің» бұрынғы басшысы өткен жылы қыркүйекте «өзгенің мүлкін таран-таражға салған» деген күдікпен ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG